Нұр-Сұлтан
Қазір
18
Ертең
16
USD
481
0.00
EUR
534
0.00
RUB
5.36
0.00

ТМД Үкімет басшылары Астанада бас қосты

125

Шағын құрамдағы отырыста Үкімет басшылары ТМД аясындағы экономикалық өзара іс-қимылдың өзекті мәселелеріне қатысты пікір алмасып, келесі кездесу өтетін орын мен оның уақытын белгілемек. Одан кейін өтетін кеңейтілген құрамдағы отырыстың күнтәртібіне түрлі саладағы ынтымақтастықты қамтитын 13 мәселе енгізілген.

Атап айтқанда, ядролық апат жағдайында немесе радиациялық апатты жағдай орын алған сәтке дайындықты қамтамасыз ету және оның салдарын жою барысында өзара көмек көрсету бойынша ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің өзара іс-қимылы туралы келісімді талқылау жоспарланып отыр.

Мұнан бөлек, «Уран өндіру өндірісінің әсеріне ұшыраған мемлекет аумағы топырағының құнарлығын қалпына келтіру» мемлекетаралық мақсатты бағдарламасына бірқатар өзгеріс енгізу көзделген. Үкімет басшылары Жоғары технологиялық энергетикалық құрал-жабдықтар өнірісін дамыту және оны жүзеге асырудың негізгі шараларының жоспары бойынша ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің ынтымақтастық тұжырымдамасын талқыламақ.

Бейбіт мақсатта ғарыш кеңістігін зерттеу және пайдалану саласындағы ЬМД-ға қатысушы мемлекеттердің бірлескен қызметін жүзеге асыру туралы келісімде отырыста талқыға түседі.

Отырыс қорытындысында салықтық әкімшілеуді жүзеге асыру үшін ТМД-ға мүше мемлекеттер арасында электронды түрде ақпарат алмасу туралы хаттамаға, Достастық органдарының қызметін қаржылай қамтамасы ету құжатына, 2019-2020 жылдарға арналған ТМД-ға мүше мемлекеттердің гуманитарлық ынтымақтастық саласындағы басымдықты іс-шараларының жоспарына қол қояды деп күтілуде.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз