Нұр-Сұлтан
Қазір
-1
Ертең
5
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

ТМД Мемлекет басшылары кеңесінің кезекті отырысы Ашхабадта өтеді -ҚР СІМ

Оның айтуынша, Екінші дүниежүзілік соғыстағы жеңістің жетпіс жылдығын тойлау 2020 жылы өтеді.

«Осыған орай Мемлекет басшылары саммит барысында ұйымдастырушылық шараларды, сондай-ақ Отан қорғаушыларды мәңгі есте қалдыру шаралары бойынша 1941-1945 жылдардағы Екінші дүниежүзілік соғыс қатысушылары мен оларға теңестірілген адамдарды әлеуметтік қорғауды көздеген бірлескен іс-шаралар жоспарын қабылдады. Сондай-ақ қабылданған шешімге сәйкес 2021 жылы «ТМД Мәдени астаналары» атты мемлекетаралық бағдарлама Тәжікстан Республикасында іске асырылатын болады», – деді ол.

Айбек Смадияров сондай-ақ, отырыс барысында Мемлекет басшылары екі халықаралық шартқа, ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің ғарыш кеңістігін бейбіт мақсаттағы зерттеу және пайдалану саласындағы ынтымақтастық туралы конвенцияға және ақпараттық технология саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойған.

«2019 жылы ТМД-ға төрағалықты Түрікменстан атқарады. Осыған байланысты ТМД Мемлекет басшылары кеңесінің кезекті отырысы 2019 жылы 19 қазанда Ашхабад қаласында өтеді», – деді Айбек Смадияров.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз