Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
20
USD
449
+0.08
EUR
478
+1.11
RUB
4.76
-0.01

Тищенко алтын медалді маған қайтарып берсе, оны алмас едім – Левит

Сондай-ақ ол біреуге тиесілі медалдің өзіне қажеті жоқ екенін баса айтты.

“Қанша адам болса, сонша пікір болады. Мен оны жақсы түсінемін. Кім өз медалін бергісі келсін. Қалай ұтқаны маңызды емес, Олимпиадаға барғандардың барлығы жеңгісі келеді, қол жеткізгеніне қуанады. Сондықтан ол не үшін маған медалін беруі керек? Ол оның медалін, мен алмайтын да едім. Не қажеті бар? Маған күміс медаль берілді. Енді екінші медальді қайтемін?”, – дейді ол.

Боксшы кәсіпқой боксқа ауысу мәселесіне келгенде ойланатынын айтты.

Еске салайық, осыған дейін Олимпиадада қазақстандық боксшы Василий Левит пен ресейлік Евгений Тищенконың финалдағы жекпе-жегіне қатысты халықаралық дау туған еді. Қазылар жеңісті Тищенкоға берген кезде жанкүйерлер бұл шешімге наразылық білдіріп, ысқырған болатын. Желіде жекпе-жек қорытындысын қайта қарау туралы петиция да пайда болды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз