Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
10
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

“Өтірік талып қалды”. Талғардың жолында үш адамды қағып кеткен мына еркекте ұят жоқ екен (видео)

Ал зардап жеккен жасөпірімдер қазір аурухана жатыр. Екеуінің жағдайы ауыр. Біреуінің аяғы сынған. 

Сөйтсе “жолды жөнді көрмедім” деп ақталған әлгі еркек ішіп алыпты. Талғардағы наркологиялық орталыққа алып келгенде жүргізуші “концерт” қояды. 

Ішке кіре бергенде өтірік есінен танып қалады. Алайда дәрігерлердің бұл қулыққа алданбасын тез аңғарса керек. Алкогольді тексеруден өтуге бас тартады. Себебін айтпайды. 

Сөйтсе бұл былықтың басы ғана екен. Рөлге ішіп отырғаны аздай, әлгі ер адамның жүргізуші куәлігі де жоқ болып шықты. Ол құжаттан дәл осылай көлікке ішіп отырғаны үшін айырылып тынған. 

Қазір аудандық ішкі істер басқармасында осы оқиғаға қатысты тергеу жұмыстары басталды. 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз