Украиналық атақты ардагер футболшы Анатолий Тимощук Алматының “Қайратынан” кететін болды, деп хабарлайды Vesti.kz.
37 жастағы Тимощук “Қайрат” сапына 2015 жылдың жазында келген. Екі маусым ішінде ол Қазақстан Премьер лигасында 34 ойын өткізді (1 гол, 2 нәтижелі пас, төрт ескерту), Қазақстан кубогында – бес ойын, Еуропа лигасында 10 ойын өткізді. Бірақ Қазақстан чемпионы атана алмады: 2015 жылы Казақстан кубогын басына көтерсе, чемпионатта қатарынан екі рет күміс жүлдегер атанды.
“Кайратқа” дейін бұл футболшы ресейлік “Зенит”, немістің “Бавариясы“, украиналық “Шахтер” және “Волынь” клубтарында ойнаған. Украина ұлттық құрамасында 145 ойын өткізіп, рекордық меже орнатқан.
“Қайрат” футболшының спорттық мансабындағы соңғы клуб болуы мүмкін:
Тимошук енді карьерасын аяқтайды деген сыбыс бар.
Анатолий Тимощук