Нұр-Сұлтан
Қазір
-3
Ертең
0
USD
521
0.00
EUR
610
0.00
RUB
6.68
0.00

Биылғы 10 айда құрылыс жұмыстары 15,1% өсті

Республика бойынша құрылыс жұмыстарының жалпы көлемінен жеке құрылыс ұйымдарымен 92,9%, шетелдік компаниялармен – 6,6%, мемлекеттік ұйымдар тарапынан – 0,5% орындалды.

Аумақтық бөлінісінде республиканың он сегіз өңірінде құрылыс жұмыстары көлемінің ұлғаюы байқалады. Едәуір өсу Астана (39,4%) және Алматы қалаларында (35,4%), Солтүстік Қазақстан (30,1%), Түркістан (28,6%), Қостанай (27,5%), Павлодар (22,6%), Ақмола (21,7%) және Алматы облыстарында (20,7%) байқалды.

Қазақстан Республикасында 2025 жылғы қаңтар-қазанда пайдалануға берілген жаңа объектілердің жалпы алаңы 19 748,9 мың шаршы метрді құрады.

Пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы алаңы 2024 жылғы қаңтар-қазанменсалыстырғанда 4,5% көбейді, 14 611 мың шаршы метрді құрады, олардан 9 279 мың шаршы метр – көп пәтерлі және 5 204,7 мың шаршы метр – жеке үйлер. Тұрғын үйлердің едәуір бөлігін – 13 439 мың шаршы метрді немесе 92%-ын жеке құрылыс салушылар, оның ішінде, 5 507,4 мың шаршы метрді халықтың өз күшімен пайдалануға берген.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2025 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз