Нұр-Сұлтан
Қазір
5
Ертең
-2
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

“Тілінен тапты…”. Денисті өлтіргендерді мадақтаған мұғалім сотталғалы жатыр

199

Кейінен Денис Тенді өлтірген қылмыскерлерді мадақтаған азаматтың өз айыбын түсініп, барша жұртшылықтан кешірім сұраған видеосы Арай Әлімхан есімді журналисттің  парақшасында жарияланды.

https://kaz.365info.kz/mojyndatyp-otyr-kydiktinin-ata-anasy-denistin-tugandaryna-video-zholdady-video-324758

Батыс Қазақстан облысының тумасы бұған дейін «Бір қытай үшін зарламаңдар. Жерің мен қыздарыңды жаулап алғанда зарлап жыларсыңдар», -деп жазған әлеуметтік желіде.

Отандасымыздың осы сөзі желіде тарағалы қоғам арасында үлкен дау туды. Желі оқырмандары қылмыскерлерді мадақтап, ұлтаралық шиеленістің тууына себеп жасаған ер адамның әрекетіне қатты  ашуланды.

Бүгінде осы  дауға себепші болған азаматтың аты-жөні белгілі болды. Ол Батыс Қазақстан облысының ауылында мұғалім болып жұмыс істейтін көрінеді.

Алайда, желі арқылы қылмыскерлерді мадақтаған мұғалім айыбын түсініп, қазақстандықтар мен кеше ғана жер қойнына тапсырылған спортшының жақындарынан кешірім сұрады.

«Менің әлеуметтік желіде Денис Тенге қатысты жазғаным ақымақтық болды. Чемпионымызды жер қойнына тапсырған Денистің ата-анасынан және қабырғасы қайысқан бүкіл қазақ жұртынан кешірім сұраймын. Өтінемін, қатемді кешіріңіздер»,- деп кешірім сұрады мұғалім.

Алайда, процедуралық шаралар нәтижесінде әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік немесе діни қақтығыстарды тудыру заңына сәйкес шешім қабылданып, айыпталушы жауапқа тартылады. Денис Тенді өлтірген қылмыскерлерді мадақдап, қолпаштаған азамат екi жылдан жеті жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеу, не дәл сол мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасына тартылуы мүмкін.

 

https://kaz.365info.kz/politsejlerdin-khatysy-bar-denistin-olimine-kydikti-nyrlan-khiyasovtyn-byryngy-syjiktisi-syhbat-berdi-324753

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз