Нұр-Сұлтан
Қазір
21
Ертең
18
USD
477
0.00
EUR
516
0.00
RUB
5.41
0.00

TikTok платформасы Қауымдастық ережелерін жаңартты

TikTok соңғы редакциясында Ережелерді барынша нақтылау үшін, мысалы, өшпенділік, жек көрушілік сөздері мен денсаулық тақырыбындағы жалған ақпараттарға қатысты кейбір анықтамаларды қосып, жаңартты. Платформа қолданушылардың ұсыныстар арнасына контенттің кіру стандарттарын да жаңартты. Сонымен қатар платформаның жаңа саясаты, егер де қолданушы ұсыныстар арнасының стандарттарына қайшы келетін контентті қайталап жариялаған болса ұсыныстар арнасынан жеке бейнероликтерді ғана емес, оның бүкіл аккаунтын шектеуге де мүмкіндік береді. Авторларға олардың аккаунты шектелгені туралы хабарлама жіберіледі және олар шешіммен келіспеген жағдайда шағымдана алады.

Сонымен қатар TikTok авторларға Қауымдастық ережелерін жақсырақ түсінуге, сондай-ақ олардың аккаунтының ағымдағы күйі туралы хабардар болуға, көмектесетін жаңа мүмкіндіктерді енгізді.   Осылайша, платформа Қауымдастық ережелерін бірінші рет бұзған авторларға жіберілетін, нақты қандай ереже бұзғанын көрсететін ескерту хабарламаларын енгізді.

Алдын ала ескерту хабарламасы кейін аккаутты бұғаттауға әсер ететін ескерту ретінде қарастырылмайды, бірақ одан кейінгі Ережелерді бұзулар есепке алынатын болады. Ескерту хабарламалары платформаның нөлдік төзімділік саясатына (мысалы, зорлық-зомбылыққа шақыру) жататын ереже бұзушылықтарға қолданылмайды – мұндай бұзушылықтары бар аккаунттар бірден бұғатталады.

Сонымен қатар TikTok «Аккаунтты тексеру» жаңа қызметінің көмегі арқылы авторларға аккаунтының күйін ашық көруді қамтамасыз етеді. Бұл креаторларға соңғы 30 жазбасын тексеруге және TikTok Қауымдастық ережелері тұрғысынан аккаунтының күйін көруге мүмкіндік береді. Авторлар Қауымдастық ережелерін бұзғаны үшін нақты бір қызмет түрлеріне шектеу қойылғанын – мәселен, пікір жазу немесе жеке хабарламалар жіберу мүмкіндігінен айрылғаны туралы ақпаратты алатын болады. Оған қоса авторлар өздерінің бейнеконтенттері Ереже бұзғаны үшін жойылғанын немесе ұсыныстар арнасына жіберуге сәйкес емес, деп белгіленгенін көре алады.

 TikTok туралы

TikTok – бұл қысқа бейнебаяндар жасауға арналған жетекші қосымша. Біздің мақсатымыз – адамдарды шығармашылыққа шабыттандырып, бақытқа бөлеу.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз