Мұны Өзбекстанның президенті Шавкат Мирзяевың өзі  Наманган облысына жасаған сапары кезінде мәлім етті. «Газет.uz» сайтының хабарлауынша, президент бұл қадамды «тарихи әділдікті қалпына келтіру» деп атап:

– Ескерткішті 9-мамырға дейін орнына қойсақ, жақсы болар еді,

– деп айтыпты.

Ташкенттегі Сабыр Рақымов ескерткіші 1981 жылы қойылған. Ол 1970 жылы құрылған Сабыр Рақымов атындағы аудан хокимиятының алдына орналасқан болатын. 2010 жылы Сабыр Рақымов ауданы Олмазар деп ауыстырылды. Оған дейін Ташкент метрополитеніндегі «Сабир Рахимов»  станциясы да «Олмазар» деген жаңа атауға ие болған еді.

https://kaz.365info.kz/sazajyndy-tartkhyzam-mirziyoev-khatty-ketti-264584

Сәуірде Шавкат Мирзияев соғыс жылдарында 15 баланы асырап алған Шамахмудовтар отбасына қойылған «Халықтар достығы» ескерткішін де бұрынғы орнына қоюды тапсырған. «Халықтар достығы» атау бұрынғысынша, Ташкенттегі алаңға, станция метросына және мәдениет сарайына қайтарылмақ.

Алдағы уақытта Шавкат Мирзияев Сабыр Рақымовтың есімін Ташкенттегі ауданға, метро станциясына қайтарады деген сенім бар.

Генерал Сабыр Рақымов қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысының Қазығұрт ауданына дүниеге келген. Кеңес Одағының Батыры.

https://kaz.365info.kz/karimovtyn-musorysyndar-mirziyaev-ne-byldirip-zhatyr-video-305346

Кейбір зерттеушілердің пікірінше,

Рақымов Қазақстан, Орта Азия елдерінен шыққан тұңғыш генерал.

Әкесінен ерте айырылған ол Өзбекстанда нағашыларының қолында тәрбиеленген. Қазіргі уақытта Шымкентте Сабыр Рақымовтың ескерткіші бар. Батырдың есімін Шымкентте көше,  республикалық әскери мектеп-интернаты және Қазығұрт ауданындағы мектеп иеленген.