Нұр-Сұлтан
Қазір
5
Ертең
4
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

«Тергеуші», «Учаскелік полиция инспекторы» жүйесі қолданысқа енеді

188

Сондай-ақ, шағын қалаларда Жедел басқару орталықтарын салу жұмыстары да жалғасын табады. Ал қалалық жерлерде адамдар көп жиналатын орындарды, көшелер мен автокөлік жолдарын бейнекамералармен қадағалау интелектуалды жүйеде дами түседі. Бұл – Мемлекет Басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың биылғы қаңтар айында Қазақстан халқына арнаған Жолдауында ішкі істер органдарының алдына қойған басты міндеттердің бірі.

Бұған қоса, Ішкі істер министрлігі 2018 жылы 14 мемлекеттік қызмет көрсету түрін автоматты жүйеге көшірмек.

Бұл туралы 19 қаңтар күні ІІМ Алқа отырысында министр Қалмұхамбет Қасымов мәлімдеді. Оның айтуынша, өткен жылы министрлік 19 мемлекетттік қызметті автоматты жүйеде көрсетуді жолға қойған. Жалпы, ішкі істер органдары 39 мемлекеттік қызмет көрсетеді. Өткен жылы тұрғындарға 23 млн мемлекеттік қызмет көрсетілген.

Аталған алқа отырысында айтылғандай, Ішкі істер министрлігі биылғы жұмыс жоспарында «102» қызметін бұрынғысынан да жетілдіре түсуді көздеп отыр.

Жаңа заманның технологиялық өркендеуіне сәйкес «102» қызметінде әлеуметтік желілер мен әртүрлі мессенджерлер ресурстары кеңінен пайдаланылады. Яғни, азаматтарға ендігі жерде әлеуметтік желілер және басқа да интернет ресурастары арқылы «102» нөміріне хабарласу анағұрлым ыңғайлы болады. Сондықтан ІІМ биылғы Жолдаудағы үшінші басым бағыт – Адами капиталды дамыту мақсатында полиция қызметкерлерін ІТ саласындағы біліктілігін арттыру, интеллектуалдық мүмкіндіктерін дамытуды басты назарда ұстамақ.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз