Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
8
USD
429
+2.03
EUR
500
+3.00
RUB
5.44
-0.06

Тереза Мэй Британияның ЕО-дан шығу мерзімін жариялады

Келісімге сәйкес Еуропалық Одақтың 28 мемлекет-мүшесі одақтан шыққысы келсе, ЕО-мен екі жыл бойында келіссөз процесін жүргізеді.

Лиссабон келісімі 2007 жылдың 13 желтоқсанында ЕО саммитінде бекітілген. Ол ЕО Конституциясының орнын алмастырады. Әрі сол кездегі Еуропалық Одақ жөніндегі келісімге одақты басқаруды реформалау жөнінде өзгерістер енгізілген.

Италияның премьер-министрі Маттео Ренци бейсенбі күні Би-би-сиге берген сұхбатында “брекзит” келіссөзіне сәйкес ЕО-дан тысқары елдің азаматтарына қарағанда британдықтықтарға көп құқық берілгендіктен келісімдерді аяқтай алмай отырғандықтарын айтқан болатын. Бұл жөнінде Ұлыбританияға ЕО елдерінің лидерлері мен шенеуніктері де кезінде ескерткен.

Осының алдында Ұлыбританияның премьер-министрі Тереза Мэй “1972 жылғы Еуропалық қауымдастық жөніндегі” заңның күшін жоямын деп уәде берген. Бұл заңға сәйкес, Ұлыбритания аумағында Еуропалық одақ заңдарының күші жоғары болатыны айтылған.

8b90f7ce-d012-4638-9d9c-9ab7cd24c156_w987_r1_s

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2020 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз