Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
0
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

“Теракт туралы жалған хабар берді” деп айыпталған Юрий Пак сот залынан босатылды

Жазасын өтеу мерзімін айыппұлға алмастыру шарасы бүгін колонияның қабырғасында қабылданды.

“Қарағанды облысы Абай аудандық соты биылғы 1-маусымда Қарабас ауылында Судья Исабековтың қатысуымен Юрий Пактың өтелмеген жаза мерзімін айыппұлға алмастыру, яғни жазасын жеңілдету шарасы қабылданды. Сот отырысында Пак Юрий Дмитриевичке 170 742 теңге айыппұл салынды”, – деді сот баспасөз қызметінің басшысы Ардақ Жұмашев.

Сот үкімі заңды күшіне енді. Сотталушы сот залынан босатылды. Алайда Пак колониядан 15 күннен кейін шығады.

Еске сала кетелік, 2016 жылдың 3-қазанында Юрий Пак 2 жылға бас бостандығынан айырылған еді. Тергеу дерегі бойынша, 2016 жылдың сәуір айында педагог жұмыс орнында отырып, 102 пультіне қоңырау шалып, орталық әмбебап дүкенінде жарылғыш заттың қойылғаны туралы хабар берген. Бұл ақпарат расталмады. Мұғалімге шығарылған үкім әлеуметтік желіде көп талқыланды. Көпшілік сот үкімінің әділетсіз екенін және сотталушының айыбы жоғы туралы жазды. Кейінірек прокурорлар және Қарағандының Қазыбек би аудандық сотының төрағасы сот шешіміне қатысты пікірлерін білдірді. “Террорлық акт туралы көрінеу жалған хабар беру” бойынша сотталған қарағандылық физика пәнінің мұғалімі Юрий Пактың апелляциялық шағымын да сот алқасы өзгеріссіз қалдырған болатын. Мұғалімнің басында болған оқиға туралы Сенат депутаты Дариға Назарбаева Бас прокуратурадан білгісі келді.

“Мен Бас прокуратураға хат жолдап, іс материалын тағы бір жіті қарап шығуын сұрадым”, – деген болатын Дариға Назарбаева, сонымен қоса ол сот жүйесінің істеріне парламентарилер де араласа алмайтынын айта кеткен.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз