Нұр-Сұлтан
Қазір
-5
Ертең
-12
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

“Тепкілеп тастаған…”. Шымкентте діндар еркек 5 жасар баласын өлтіріп алды

144

Бұл туралы заңгер Айгүл Орынбек өзінің Facebook-парақшасында жазды.

Белгілі болғандай, күдікті – 1996 жылғы жас жігіт – ислам ағымдарының бірін ұстанатын көрінеді. Ол 5 жасар өгей ұлына құптан намазы кезінде азан шақыртқан. Әлі ақылы толмаған сәби діни амалды дұрыс орындамаса керек, ашуға булыққан «намазхан» әке оны тепкілеп тастаған.

Оқиға 5 желтоқсан күні болыпты. Жедел жәрдем сәбиді ауруханаға жеткізіп үлгергенімен, дәрігерлер оның өмірін аман алып қала алған жоқ.

Ауруханаға жеткізілгенде дәрігерлерге туыстары «екі қабатты кереуеттен құлады» деген екен. Алайда, алғашқы тағайындалған сараптама нәтижесінде баланың соққы салдарынан көк бауыры езіліп кеткені анықталған.

Күдікті ұсталған, оған ҚР Қылмыстық кодексінің 106 бабының 3-ші бөлігімен айып тағылып, қазір тергеу амалдары жүріп жатыр.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз