Нұр-Сұлтан
Қазір
5
Ертең
3
USD
427
+1.34
EUR
497
-1.07
RUB
5.53
-0.03

Теннистен қазақстандық спортшылардың қарсыластары анықталды

Қазақстанның бірінші ракеткасы Юлия Путинцева бірінші айналымда канадалық Александра Вознякпен күш сынасады. Ярослава Шведоваға күштірек қарсылас тап болды. Ол бұрынғы отандасы, ресейлік, осы турнирдің 13-інші ракеткасы болып тіркелген Светлана Кузнецовамен кортқа шығады.

Зарина Дияс германиялық Карина Виттефтпен, ал Галина Воскобоева қытайлық Чжан Шуаймен шеберлік байқасады.

Ерлер арасындағы бәсекеге Қазақстаннан жалғыз Михаил Кукушкин қатыспақ. Ол бірінші айналымда франциялық Адриан Маннариномен кездеседі.

Айта кетейік, Ролан Гаррос жарысы – әлем чемпионатымен тең болып есептелетін төрт «үлкен дулыға» турнирінің бірі.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2020 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз