Валюта нарығында жағдай тұрақты және теңге курсының төмендеуіне негіз жоқ, деп хабарлайды 7kun.kz ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сондай-ақ, Ұлттық банк теңгенің биржалық курсын қолдаудың барлық шараларын қабылдайды және қысқамерзімді толқулар болса, оны реттей алады.
Қазіргі кезде теңгенің ағымдағы курсы тұрақты және күнделікті бағам биржада Ұлттық банктің қатысуынсыз қалыптасуда. Сыртқы және ішкі экономикалық секторлар теңге бағасының тұрақтылығына әсер етуде.
“Қазіргі кезде валюта нарығында алаңдауға және дүрбелеңге негіз жоқ. Ұлттық банк елдегі айырбастау пункттеріндегі жағдайды бақылап отыр. Валюта айырбастау кезінде бағамды өсіруге бағытталған алыпсатарлық әрекеттерді байқасаңыздар Ұлттық банктің филиалдарына хбарласуды ұсынамыз”, делінген хабарламада.