Нұр-Сұлтан
Қазір
-8
Ертең
-24
USD
515
-10.00
EUR
545
-7.59
RUB
5.17
+0.03

Теңге әлсіреген сайын, үкіметке жеңілірек болады

202
Сурет: azh.kz

Негізгі фискалдық қағидалардың біріне сәйкес Ұлттық қор қаражатының төмендетілмейтін қалдығы елдің жалпы ішкі өнімінің 30% деңгейінде айқындалған. Үкіметке оны жүзеге асыруға теңге бағамының әлсіреуі көмектеседі. Бұл қорытынды Ұлттық Банктің талдаушылары дайындаған қыркүйек айындағы ақша-кредит саясаты туралы дебюттік баяндамада қамтылған.

Тұрақтылық ережесі

Ұлттық қордағы азаймайтын қалдықпен қатар мемлекеттік қарызбен байланысты емес фискалдық қағидалар тізбесіне мыналар кіреді:

  • 2017-2025 жылдарға арналған республикалық бюджетегі мұнайға қатысы жоқ тапшылықтың шекті мәні, ЖІӨ-ге шаққанда пайыздық мәнде;
  • қордан республикалық бюджетке кепілдендірілген трансферттің мөлшері;
  • Үкіметтің және квазимемлекеттік сектордың сыртқы борышының көлемі Ұлттық қордың валюталық активтерінің жалпы мөлшерінен аспауға тиіс;
  • мемлекеттік қарызға қызмет көрсету және оны өтеу жөніндегі шығыстар республикалық бюджет кірістерінің 15%-ынан аспауға тиіс. Оның ішінде Ұлттық қордан жасалған трансферттер де бар.

Айырбастаудың ерекшеліктері

2019 жылдан басқа, соңғы бес жылдың ішінде,  ұлттық қордың қаражаты долларлық мәнде қысқартылды.

Алайда теңгенің әлсіреуі Ұлттық қор активтерінің инвестпортфелі бойынша оң бағамдық айырманың қалыптасуына алып келді. Олардың барлығы дерлік долларлық құралдарға салынған. Ал

Қаржы министрлігі теңгемен есеп жүргізеді, бұл Үкіметке ЖІӨ-нің 30%-ы көлеміндегі ең төменгі қалдық бойынша ережесін орындауға мүмкіндік берді

Ұлттық банктің сарапшылары ұлттық валюта 2015 жылдың тамыз айында еркін айналымға жіберілгеннен кейін  86,5%-ға құлдырағанын атап өтті. Бұл ретте Ұлттық қор қаражаты қалдығының ЖІӨ-ге қатынасы 37,9-дан 58%-ға дейін көтерілді. Бірақ долларлық мәнде оның активтері 15,5%-ға азайды.

Осыған ұқсас жағдай 2018 жылы да байқалды, ол кезде теңге өткен жылға қарағанда 15,6%-ға әлсіреді. Ол кезде қор активтерінің ЖІӨ-ге қатынасы 37,9-дан 38,5%-ға дейін көтерілді. Бірақ олардың көлемі 62,1-ден 61,9 млрд долларға дейін азайды.

Кезеңнің соңындағы ҚР Ұлттық қорының қаражаты

Сарапшылардың есебінде тағы бір назар аударатын факт бар. Шын мәнінде, Үкімет республикалық бюджеттің мұнайға қатысы жоқ тапшылығының шекті мәндерін ЖІӨ-ге шаққандағы пайызбен айқындайтын қағиданы орындай алмайды.

Мысалы, 2017 жылы бұл көрсеткіштің мәні 12,7%-ға дейін көтерілді, нысаналы мәні 9,3%. 2019 жылы бюджеттің атқарылуы барысында Үкімет ЖІӨ-нің бұрын жоспарланған 7,2%-дық мәнін 7,0-8,5% нысаналы диапазонына өзгертті. Бұл оған ЖІӨ-ге қатысты мұнайға байланыссыз тапшылықты 7,9% деңгейінде сақтауға мүмкіндік берді.

Республиканың мұнайға қатысты және қатысы жоқ тапшылық, ЖІӨ-ге шаққандағы %-дық мәнде

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз