Жәбірленуші жазбай таныған күдікті уақытша қамау абақтысына қамалды, деп хабарлайды Қарағанды облысы ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.
Ағымдағы жылғы 7-шілдеде полицияға Теміртау қаласының 25 –жастағы тұрғыны шағымданып, белгісіз азамат пышақпен қорқытып, өзі қызмет атқаратын ломбардттардың бірінен алтын бұйымдарды алып кеткендігін хабарлаған болатын.
– 4-тамызда департаменттің криминалдық полиция басқармасы және Теміртау қалалық ішкі істер басқармасы Шығыс полиция бөлімінің қызметкерлерімен бірігіп жүзеге асырған жедел-іздестіру іс-шаралары барысында аталған іске қатысы бар деген күдікпен қаланың 46-жастағы облыс орталығы тұрғыны анықталып, қарақшылық шабуыл жасағандығы үшін құрықталды, – делінген баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері күдіктінің осындай сипаттағы қылмыстарға қатыстылығын тексеру үстінде.