Тоқтамай жауған жаңбыр әсерінен Теміртау Венецияға айналды. Тізеден келетін су жол-көлік қозғалысына кедергі келтіруде.
Видеоны Денис Денски есімдіблогер Instagram парақшасында жариялады.
Бұл видеоны көрген желі қолданушылары биылғы жаздың тосын жағдайларға толы болғанын жарыса айтты.
“Теміртауда ғана емес бұл жағдай”, “Үйіміздің кіре-берісінің бәрін су алып кеткен. Есікке жүзіп жетесің”, “Енді Венецияға бармаса да болады. Осы жерде жүзіп жүре беріңіздер”.
Айта кетейік, күні кеше Балқашта бұршақ жауған болатын.