Теміртаудағы метталургилық комбинатта аспалы кранның кабинасы опырылды. 15 метр биіктікте салбырап қалған кабинадан кранды басқаратын әйелді құтқарушылар әрең дегенде түсіріп алған.
Краншы әйелдің құтқарушылар келгенше тағаты таусылатын жөні бар. Биікте жіңішке темірге ғана ілініп калған кабина үзіліп түсуі мүмкін еді. Әйтеуір, комбинаттың қауіпсіздік қызметі келіп, келіншекті жерге аман есен түсіріп алды.
Естеріңізге салсақ, мекемеде осыдан бір ай бұрын жарылыс боп, бірталай құбырдың талқаны шыққан. Мынау сол құбырларды тасымалдап жүрген ірі кранның бірі.