Нұр-Сұлтан
Қазір
10
Ертең
11
USD
449
+0.25
EUR
477
-1.21
RUB
4.77
-0.02

Теміртауда бүлдіршінді буындырған тәрбиешіге қатысты жаңа мәлімет шықты

174

Бұл туралы КТК арнасы хабарлайды.

Тәрбиешінің сорақы жағдайы тамыз айының аяғында ғаламторға тараған бейнероликтен кейін белгілі болған. Негізі қылмыс мамыр айында жасалғаны анықталды. Тергеу 2 айда аяқталса, сот шешімі тіпті екі-ақ отырыстан кейін ақ шығарылды. Бұған Үміт Пірмаханованың қылмысын толық мойындауы себеп болды. Ол  соңғы сөзінде істегеніне қатты өкініп, баланың жақындарына кешірім де сұрады.

“Мен істеген ісім үшін кешірім сұраймын. Бала тыным таппағасын ұйықтатар кезде иығынан басып ұстағаным рас. Шалыс қадам басқанымды мойындаймын. Бірақ жаман ойым болған жоқ. Менікі тек баланы тыныштандыру еді”, деді сотталушы.

Үміт Пірмаханованың шалыс басқан тұсы түсірілген мына бейнежазбада анық көрінеді. Ол 1 жарым жастағы Нананың үстіне мініп алып, сабасына түсірмек болдым деп отыр. Алдымен көрпемен аузын тұншықтырып, кейін, өксігін баса алмай жатқан бүлдіршіннің кеудесін жаншып отыр. Ал сәбидің ата анасы сол таспаны көргеннен кейін естерін әлі жия алмай жүрміз дейді. Сотта таспаны қайта көргеннен кейін баланың анасы көз жасына тағы да ерік берді .

“Тағы да сәл басып тұрғанда балам тұншығып өлер ме еді. Соны ойлады ма екен? Содан бері мазамыз жоқ. Сондықтан оған ең ауыр жаза тағайындауын сұраймын. Басқаларға үлгі болсын. Өйткені әрқайсыңыздың бауыр еттеріңіз балабақшада не көріп жүргенін білмейсіздер ғой. Тоқтау болсын мұндайларға”, деді жәбірленушінің анасы.

Зардап шегушілер мен адвокаты бұл бап бойынша қоғамдық жұмыстарға жегу, 400 мың теңге айыппұл немесе 40 тәулікке қамалуын сұраған. Тіпті, сол жайтты таспаға түсірген екінші тәрбиешіні де жауапқа тартылуын талап етті.

Дегенмен тергеу орындары оны куәгер ретінде қарастырғанын жеткізді. Ал Пірмаханованың ағынан жарылғанын, кешірім сұрағанын және ешқашан істі болмағанын ескердік дейді. Енді жәбірленуші тарап қайта шағымдану туралы ойланып көрмек.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз