Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
-2
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Телешоудағы дау: Жеңуі тиіс деген Нұрболат Абдуллин өз ойын айтты

332

Мені тыңдайтын, қолдайтын халқым барын сезіндім, ұқтым. Рахмет ағайын! “Бабыңда бол, бақ Құдайдан” – деген.

Əркімнің өз тыңдарманы мен көрермені бар. Иə, бұл жобада кейінгі 2-3 жылда келген толқынның арасында мен де бармын. 10 жыл қазақтың үлкен сахнасында тəжірибем болмағанын білем. Дегенмен əркімнің жолы əрқалай.

Осы жоба арқылы мені ел көбірек таныды. Қуаныштымын! Өнерпазға керегі де шын өнер мен оны бағалайтын сыншыл көрермені. Алланың қалауымен, сіздердің қолдауларыңызбен финалға дейін келдім. Рахмет! Əр қатысушы жеңімпаз, дарабоз.

https://kaz.365info.kz/khajrat-nyrtastyn-sheshesi-bylkhan-talkhan-mejrambek-khazylykh-etetin-teleshouda-shu-shykhty-292418

Қайрат (Ақбатша) шашасына шаң жұқтырмаған палуан десек сөздің мəйегі осы болар. Сахнада жүрген “тарлан” ғой. Екеуіміз замандас, қатарлас болғанымызбен Қайраттың жолы өте үлкен. Ол менен 10 жыл бұрын үлкен сахнаға аяқ басып, қазіргі таңда өз өнерімен елдің сүйіктісі болған жүрегі бар əнші. Ол – Феномен!

Қайратпен бəйгеде бірге шауып, жолына ілесіп келуім маған тəжірибе, мəртебе! Əркім өз мүмкіншілігін көрсетті. Таңдау халыққа берілді. Қайрат – Чемпион!

Бұл жобада бір қазақтың өнерпаздары өнер көрсетті. Бірімізді жеп, жер қылу үшін ұйымдастырылған жоқ бұл жоба. Қазақ өнерпаздарының бірлікте, достықта екенін көрсеткісі келді десем артық айтқандығым емес. Бұл жобада суреттегідей “Достық”жеңді”, – деп жазды Нұрболат Абдуллин.

Еске сала кетейік, Мейрамбек Бесбаев жетекшілік еткен “Жұлдызды жекпе-жек” жобасында Қайрат Нұртас жеңіске жетті. Жеңімпазға Мальдив аралдарына 2 адамға арналған жолдама табысталды.

https://www.instagram.com/p/BcOmyGKBBoA/?hl=ru&taken-by=abdullin_nurbolat

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз