Нұр-Сұлтан
Қазір
-4
Ертең
0
USD
461
+2.11
EUR
502
+0.97
RUB
5.11
-0.06

“Телефоным, аяқ-киімім қайда?”. Өскеменде осылай ұрсысқан ер адам әйелін пышақтап тастады

Қайғылы оқиға болған күні бұрынғы әйелі мен күйеуі ортақ таныстарының үйінде қонақта болған. Бірге ішімдік те ішкен. Таңғысын айыпталушы айфон мен аяқ киімінің жоқтығын байқап, әйелінен күдіктенген. Осыдан кейін ол бұрынғы әйелінің үйіне қайтадан басып кіріп, телефоны мен аяқ киімін қайтаруды талап етеді. Ашуға мінген ер адам ас үйден пышақ алып, әйелді пышақтап тастаған. Не істегенін кейін түсінген айыпталушы дәретханаға асылып қалмақ болады. Алайда, ол райынан қайтып, досының үйіне барып, қайтадан ішімдікке сылқия тойып алған.

Жанжал кезінде әйел көмекке шақырып үлгерген. Ауруханаға жеткізілгеннен кейін ол көз жұмады. Шығыс Қазақстан облысының ауданаралық арнайы соты ер адамды 15 жылға бас бостандығынан айырды. Ол жазасын қатаң тәртіптегі колонияда өтейді.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2023 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз