Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
8
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

«Тек қана қыздар» КТА тобының жетекшісі тұрмысқа шықты

498

Айта кетейік, бүгінде М. Қалбаева Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Медиа департаментінде қызмет атқарады. Ол жетекшілік ететін «Тек қана қыздар» жайдарман тобы жуырда республикалық КТА ойындарында үш кубок иеленіп, жарыстың келесі кезеңіне және Астана қаласының 25 жылдығына орай ұйымдастырылатын «Арнайы жоба» атты сайысқа қатысуға жолдама алды.

Тобымыздың құрылғанына биыл 7 жыл толды. Одан бері команда құрамы өзгерді. Қатарымызға өзіндік ойлары мен тың идеялары бар студенттер қосылды. Біз осы уақытқа дейін республикалық, аймақтық ойындарда көптеген жеңістерге жеттік. Бұл – еселі еңбекпен келген табыс. Алға қойған негізгі мақсатымыз да осы болатын. Қазір алдағы ойындарға қызу дайындық үстіндеміз. Болашақта бұдан да биік белестерді бағындыратынымызға кәміл сенімдіміз. Осы орайда ойынға қатысуға қолдау көрсеткен Қыздар Университетінің ректоры Гаухар Төремұратқызы Алдамбергеноваға алғыс білдіреміз, – дейді команда жетекшісі Мереке Қалбаева.

Осы орайда белгілі өнерпазды Қыздар Университетінің Медиа департаментінің ұжымы да құттықтап, ізгі ниетін білдіреді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз