Нұр-Сұлтан
Қазір
11
Ертең
10
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Тегін ұрықтандыру. Медициналық сақтандыру бедеу жандардың арманын орындайды дейді

232

Махаббат 5 жастағы тұңғышын да дәрі-дәрмектің көмегімен көтеріпті. Енді перзентке зар болып жүрген жұптарға жылына кем дегенде бір рет тегін ЭКО жасауға мүмкіндік беріледі. Бар шығынды міндетті медициналық сақтандыру қоры өз мойнына алады. Қазір жылына 900 адамға ақысыз ЭКО жасалады екен.

«Бүгінге дейін 1.532 бала мемлекет есебінен тегін дүниеге келді. Яғни, квотамен ЭКО жасалған. Оған бюджеттен 3 миллиард 890 миллион теңге жұмсалды. Қазір диспансерлік тіркеуде 14 мыңнана астам әйел, мыңнан астам еркек «бедеу» деген диагнозбен кезекте тұр»,-дейді ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ләззат Ақтаева.

Бұл жылына 20 мың жұп бала сүйе алмай, дәрігердің алдына келеді деген сөз. Ал бюджеттен бөлінетін квота өте аз.

«Жылына 9 мың адамға ЭКО жасау керек. Ал бюджеттен 900 квота бөлінеді. Сұраныс он есе жоғары. Әсіресе, ауылдардағы әйелдерге айтарым, дер кезінде тексеруден өтіңіздер. Дәрігер бедеусің деген диагноз қойса, міндетті түрде квотаға кезекке тұру керек»,-дейді Қазақстан репродуктивті медицина қауымдастығының вице-президенті Алмагүл Ахметова.

Дәрігерлер бала сүйгісі келетін жұптарға ең бастысы уақытты өткізіп алмауға кеңес береді. Қазір Қазақстанда жасалған ЭКО-ның 40 пайызы сәтті шығады екен. Көрсеткіш бұдан да жоғары болар еді, егер әйелдер жасанды жолмен ұрықтандыруға өте кеш келмесе.

Негізі, ЭКО-ны 30 жасқа дейін жасаған дұрыс. Ал 40-тан асқанда мүмкіндік азая береді дейді ақ халаттылар. Елімізде бүгінге дейін ЭКО-мен 14 мыңнан астам бала дүниеге келіпті. Алғашқы сәби 21 жыл бұрын туған. Қазақстанда жасанды ұрықтандыру құны 900 мың теңгеден басталады.

Қазір ерлер арасындағы бедеулік те артыпты. Отбасылардың ұрпақсыз қалуына жігіттердің белсіздігі себеп. Ер-азаматтарға да квота бар. Ал Денсаулық министрлігі келесі жылдан еліміздегі ЭКОмед клиникалардың құрылғылары, мамандардың біліктілігі жайлы ақпарат жинап, ортақ базасын жасамақ. Сонда науқас әр медициналық мекеменің мүмкіндігіне қарай өзі таңдау жасайды. Сәйкесінше, бөлінген квота да клиенттің соңынан сол клиникаға аударылады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз