Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
9
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

Тегін сыйлық деген жоқ. Астана әкімдігі WhatsАpp арқылы тараған ақпаратты жоққа шығарды

111

Астана әкімдігі зейнеткерлерге тегін сыйлық тарату туралы шарасын қарастырған емес.

“Жалған ақпарат таратқан адамға қылмыстық жаза қарастырылғанын баса айта кетелік. Астана халқы мен қонақтарын ресми дерек көздерден тараған нақты ақпаратқа сүйенуге шақырамыз”, – делінген хабарламада.

Дегенмен Астана қаласы әкімдігі желтоқсанның 1-нен 31-не дейін «Астана – мейірімді қала» атты жалпы қалалық қайырымдылық шарасы өтіп жатқанын еске салады. Оның мақсаты – әлеуметтік осал топтар, атап айтқанда, Ұлы Отан соғысы ардагері, барлық топтағы мүгедек жандар, аз қамтылған және көпбалалы отбасылар, жетім балалар, обыр дертіне шалдыққан балалар, ДЦП және туберкелез дертіндегі балалар сынды әлеуметтік жеңілдік қарастырлған барлық азаматтардың көңілін аулап, жақсылық жасау.

Бұл шара 2016 жылдың 31-желтоқсанына дейін жалғасады. Астана әкімдігінің бастамасымен осы мақсатта көпбағытты шұғыл байланыс желісі ашылған: 8 (7172) 55- 66- 55. Бұл нөмірге хабарласу арқылы белгілі бір адамға көмек көрсетуге болады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз