Нұр-Сұлтан
Қазір
6
Ертең
13
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Тәжікстанда кәріс шіркеуінің пасторын экстремизм үшін соттады

Христиан шіркеуінің веб-сайтында келтірілген дерек бойынша, 10 сәуірде қауіпсіздік органының қызметкерлері шіркеуге баса-көктеп кіріп келіп, келушілерді негізсіз ұстай бастаған. Шіркеуден және келушілердің бірі Бахром Холмотовтың үйінен діни әдебиет табылған, сарапшылар оның “экстремистік мазмұны бар” деп таныған.

Сот өкілдерімен және сотталушының туыстарымен хабарласу мүмкін болмады. Бұның алдында “Форум-18” сайты Холматов туыстары сот ісіне қатысты пікір білдіргісі келмейтінін жазған. Шіркеуге келушілер де қуғындалудан қорқып отыр.

Тәжікстан билігінің мәліметі бойынша, “Сонмин Сонбогым” христиан шіркеуінің ресми тіркеуі жоқ, сол себепті оның ел аумағындағы қызметі заңсыз саналады. Дегенмен кәріс шіркеуінің сайтында “Сонмин Сонбогым” орталығы 2009 жылы Тәжікстанның Дін істері жөніндегі комитетінде тіркеуден өткені туралы жазылған.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз