Нұр-Сұлтан
Қазір
21
Ертең
23
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

“Тәулігіне бір жарым миллион”. Экспо қарсаңында Астанадағы қонақ үй бағалары шарықтауда

177

ЭКСПО кезінде Астанада бір ай қонақүйде өмір сүру құны 3 миллион теңгеге дейін жетеді. Шетелдіктер бұл бағаны қымбатсынып жатқан жоқ екен. Күзге дейін сұраныс өте жоғары, көптеген қонақүйде қазірдің өзінде орын тапшы.

“Келіп жатқандардың көбісі шелдіктер. 5 жұлдызды ең қымбат нөмердің бағасы 1 млн 400 мың, ең арзаны 30-40 мың шамасында”, – дейді «Астана конвенш бюро» ЖШС менеджері Марат Әлмағамбетов.

Астаналық шенеуніктер кәсіпкерлердің баға саясатына араласпаймыз деп отыр. Тек әкімдікпен арнайы келісімге отырған қонақүйлерге шектеу бар. Оларға халықаралық көрме кезінде қызмет құнын 20 пайызға дейін өсіруіне рұқсат. Мәселен, Есілдің сол жағалауында орналасқан қонақүйдің иесі жөндеу жасап, қонақтарды күтіп алуға қызу дайындалуда.

“Бұрын бір нөмер тәулігіне 15 мың болған. Қазір 18 мыңға көтердік. Маусым айына орын жоқ. Шілде, тамызда да адам көп болады деп отырмыз”, – дейді қонақүй директоры Сергей Федосеев.

Астанада жалға берілетін пәтерлердің бағасы да шарықтап тұр. Маусым айынан бастап сұраныс күрт өскен. Сәйкесінше, үй иелері баспана құнын көтеріпті. Қазір риэлторлар тапсырыс берушілерді жайғастырып үлгере алмауда.

“ЭКСПО-ға байланысты пәтер бағасы екі есеге қымбаттады. Астанада бір бөлмелі баспананы 150 мыңға, екі бөлмеліні 300-350 мыңға  жалдауға болады. Әзірге бос пәтерлер бар. Бірақ, сұранас та өте жоғары”, – деді пәтерді жалға беру бойынша менеджер Малика Тойшытаева.

 

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз