Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
-1
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

“Тәуекелдің ғана әкесі емес…”. Әйгілі Сабыр Мүсілімнің сирек видеосы жарияланды

619

https://kaz.365info.kz/khajdan-tauyp-aldyn-tauekel-mysilimnin-syjiktisimen-tysken-sureti-synga-khaldy-foto-318490

Сабыр Мүсілімұлы Оңтүстік Қазақстан облысының тумасы. 90-жылдары есімін атаудан бас тартатын танымал қазақ режиссерінің сөзінше, Сабыр жетіммен жесірді жебеді, қарттарды сүйеді. Сол уақыттағы жұмыссыздықты жойып, қылмысты азайту үшін жұмыс жасаған деп жазыпты бұл ретте juldyz.kz. 

«Шымкенттің шетінде кәрістер пияз егетін. Халық аш сол пиязы ұрлап, одан қалды жазда су бөліспей, кейін жиған өнімді сата алмай әбден шығынға батты. Міне сол кәсіпкерлердің басын қосып Сабыр жиын өткізді. Нәтижесінде қазақ жігіттері шаруаларды ұры-қарыдан қорғаштап, бірге еңбек етеді.

Жыл соңында шағын алқаптан 3 камаз пияз жиналды. Бір камазды кәсіпкер өзі алды. Екінші камаз қарауыл болған жігіттерге берілді. Үшінші камаз ауылдағы жетім-жесірлерге таратылды», — дейді белгілі режиссер.

 Отбасы

Қазір қазақ өнерінің жұлдызына айналған жас актер Тәуекел Мүсілім осы Сабыр Мүсілімұлының тұңғыш баласы.

Болмысы қандай болған?

«Өзі қап-қара шашы бұрқыраған, келісті келген, екі иығына екі кісі мінгендей ұзын бойлы еді. Сол кезде сәнге айналған ұзын етекті былғары қара плащ оны тіпті зорайтып көрсететін» (досы Қазыбек Исаның сұхбатынан)

https://kaz.365info.kz/aramyzda-ademi-sezim-boldy-tauekel-mysilim-syjiktisi-turaly-ashykh-ajtty-271509

«Тәуекел деген атымды әкем қойған. Тағдырдың жазуымен әке мен шешем кішкентай кезімде ажырасып кетті. Әке тәрбиесін көрмей өскендіктен, ол кісі туралы мардымды ештеңе айта алмаймын. Анам біздің араласуымызға қарсы болған жоқ. Әлі күнге дейін енесінің алдын кесіп өтпей, сәлемін салады. Тоғызыншы сыныпта әкеммен үш айдай бірге жүрдім.  Әкем спортқа жақын еді. Поэзияны, өнерді сүйетін.

Кез келген отырысты жандырып жіберетін. Маған үнемі «оқы, келер заман – білімділердің уақыты» дейтін. Расында, қазір – білектің емес, білімнің заманы.

Ол кісіге ұқсаймын деп айта алмаймын.

https://kaz.365info.kz/khatynda-es-zhokh-khajratkha-asyla-ketken-lajla-syltankhyzynyn-maskhara-videosy-tarap-ketti-324275

Кейде өз ойымды жасырып, үндемей қалатын жасықтау мінезім бар. Әкемнің қолында өскен болсам, мінезім басқаша болар ма еді. Бірақ ішімде бір қайсарлық бар екенін сеземін. Әкемнің көзін көрген жұрт «бұл –Сабырдың ұлы ғой, тектінің көзі» деп жатады. Әке атына лайық болсам деймін» (ұлы Тәуекелдің сұхбатынан)

Өмірінің соңы

Сабыр Мүслімұлының көптеген әрекеті заңға қайшы болды. Полициямен тіл табыса алмаған азаматқа 9 түрлі бап бойынша айып тағылғанымен, бірі дәлелденбейді.

Соңында көлігін тінту кезінде қолдан жасалған пышақ табылып, «суық қару сақтады» деген айыппен 3 жылға түрмеге қамалды.

Темір торда отырып, ауруға душар болған азамат, кейін босап шыққан соң ұзақ науқастан Алматы қаласында көз жұмды.

https://kaz.365info.kz/iterip-zhiberdi-tyrsynbek-khabatovtyn-khyzy-dygalovany-ornyna-khojyp-tastady-video-323979

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз