Нұр-Сұлтан
Қазір
11
Ертең
20
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

Ташкенттегі саммит Қазақстанда жүрген шетелдік саяхатшының жолын байлады

28 жастағы жапондық саяхатшы Фуми велосипедке мініп әлемді аралауды бір жыл бұрын бастаған. Ол жоспары бойынша Шымкентте бірер күн аялдап, әрі қарай Өзбекстанға кетпекші болыпты. Алайда ол жақта саммит өтуіне байланысты шекара жабық.
Дегенмен Фумиге Шымкентте саяхаттап, керемет жерлерді аралау ұнап қалған. Қаладағы веложолдың жоқтығы шетелдікті тіпті де қынжылтпапты.

– Көптеген елдерде, әсіресе, Азияда веложолдар жоқ. Тіпті біздің Токиодан да таппайсыз, – дейді Фуми.
Осы уақыт ішінде ол Австралия, Камбоджа, Индонезия, Сингапур және Алматы, Астана, Тараз қалаларында болған.
Алайда оған Қазақстанның басқа қалаларына қарағанда Шымкент ерекше ұнапты. Турист қаланы өте әдемі әрі жайлы деп бағалаған.

Ал Шымкентте оны ерекше әсерге бөлеген адамдары мен тамағы екен.

– Сіздерде адамдар өте керемет. Олардың неліктен көмектесуге құштар екенін түсіне алмаймын. Мен осында нағыз достарымның пайда болғанына қуаныштымын. Сіздердің асханаларыңызда қатты көңілімнен шықты, әсіресе лағман мен кәуап, – дейді жапондық жігіт.

Фуми Шымкенттен соң Өзбекстанға, сосын Түркіменстанға аттанады. Әрі қарай ол Әзірбайжан, Грузия, Түркия, Грекия елдерін де басып өтуге ниетті. Ал Жапонияда оны анасы мен қарындасы күтіп отыр. Ол өз еліне шамамен келесі жылы табан тірейді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз