Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
-1
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Тарихтағы ең төмен нәтиже: Азиада ойындары Қазақстан үшін сәтсіз болды

134

Жарыс нәтижесі бойынша қазақстандық атлеттер жалпы есепте тоғызыншы орынға жайғасты.

Айта кетсек, бұрын соңды Қазақстан әрдайым Азия мемлекеттерінің үздік бестігіне ілініп жүрген. Алайда биылғы Азиада-2018 ойындары қоржынымызға түскен алтын (15) мен күміс (17) медальдарының саны бойынша Қазақстан үшін ең сәтсіз болды. Тек қола жүлде бойынша отандастарымыз өз рекордын 44 медальмен орната алды.

Медальдік есептің үштігіне Қытай, Жапония және Корея мемлекеттері кірді. Төртінші орынға ойындар өтіп жатқан Индонезия елі орналасса, көршілес Өзбекстан бестікті аяқтады.

Естеріңізге салсақ, қазақстандық ватерполшылар ақтық кезеңде алтын жүлдеге ие болып, Азиада ойындарында қатарынан үшінші рет чемпион атанған болатын.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз