Нұр-Сұлтан
Қазір
22
Ертең
20
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

“Тарбағатайлықпыз”. ШҚО-да әйел адам даяшы қызды құтқарам деп өзі тепкінің астында қалған

Тіпті келіншек бұл оқиғаға қатысты полицейлердің әрекетін ашық айтты деп хабарлайдыЕуразия бірінші арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Оқиға 22 қазан күні болған. Даяшы қызға көмектеспек болған әйелді жас жігіттер аяусыз соққыға жыққан. Тепкінің қызығына кіріп кеткен олар келіншек өліп қалды деп ойлап, бірден оқиға орнынан қаша жөнелген. Алайда, аса ауыр жарақат алған әйел тірі қалған.

Бір жыл бұрын ғана жантүршігерлік жол апатынан кейін енді есін жия бастаған зардап шегуші енді тағы да төсекке таңылған.

“Дәмхана жанында үш жігіттің даяшы қызға тиісіп тұрғанын байқап қалдым. Бойжеткен өзіне дөрекілік танытқандарды ішке кіргізбеймін деп тұрды.

Алайда, ашуға булыққан жігіттер даяшыға қоқан-лоқы көрсете бастады.

Мен барып қызға көмектеспек болғанымда біреуі мені көтеріп, жерге құлатып жіберді. Сол сәтте естен танып қалыппын”, – деді Жанар Сембинова.

Есін ауруханада жиған келіншек бірден полицияға шағым түсірген. Бірақ тергеуші әлі күнге дейін төбе көрсетпеген. Оның орнына әйелдің үйіне полицей емес, өзіне зәбір көрсеткен жігіттер келген.

“Аяқ киімдерін шешпестен кіріп келгенде, не істерімді білмей қалдым. Тұратын жерімді оларға тергеуші айтыпты.

Олар ұялы телефондарын сатып, 200 мың теңге жинап шығарғандарын айтып, оны маған ұсынды.

Жігіттер “алғың келсе, ал, алғың келмесе өзің біл, біз тарбағатайлықпыз” деп дөрекі сөйлесті менімен” , – дейді келіншек.

Жанар Сембинова ұсынған қаржыдан бас тартқан. Бірақ оған қарамастан бұзақылар қайта-қайта келе беріп, қорқыта бастайды.

Бүгінде әйел адам тіпті үйінен шығуға қорқып қалған. Ол өзінің мекен-жайын жайып салған тергеушінің жауапкершілікке тартылуын талап етуде.

Бұл оқиғаға қатысты пікір білдірген ШҚО полиция департаменті қазір осы ақпаратқа қатысты тексеріс жүріп жатқанын айтады.

“Жәбірленушінің мекен-жайын тергеушінің жария етуі туралы ақпарат жөнінде осы факт бойынша қызметтік тергеп-тексеру жүргізілуде.

Оның қорытындысы бойынша Үлбі полиция бөлімінің лауазымды тұлғаларын тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы мәселесі қаралатын болады” , – деді департаменттің баспасөз хатшысы Әйгерім Нұртазина.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз