Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
14
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Таразда жасөспірімді өлтіргендер ұсталды

Баспасөз қызметі берген ақпаратқа сәйкес, көрсетілген азаматтар кәмелет жасына толмағандықтан, олардан заңды өкілдері, психолог мамандар мен адвокаттардың қатысуымен жауап алынған.

«Тергеу барысында анықталғандай, сол күні жәбірленуші достарымен туған күн кешінен шығып, орталық көше бойымен жаяу келе жатып, бір топ бейтаныс балаларды кездестіреді. Қарсы беттегі «Б» есімді жасөспірім туған күн иесінің қолындағы шарын қасақана жарған. Нәтижесінде екі тарап арасында жанжал туындап, күдікті «Б» жәбірленушінің бет жақ тұсынан соққы келтірген. Соққы салдарынан жәбірленуші жедел жәрдем келгенге дейін оқиға орнында көз жұмған», – деп жазылған хабарламада.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 106-бабы 3-бөлімімен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. 17 жастағы күдікті өз кінәсін толық мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз