Нұр-Сұлтан
Қазір
0
Ертең
3
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

“Шұғыл!”. Таразда адам өлтірген төрт жігіт іздестірілуде

Куәгерлердің айтуынша, бұзықылар қыздардың бірінің қолындағы шарды жарып жіберген. Ал, бұны көрген 16 жастағы жігіт әлгілердің әрекетіне ашуланып, қызды қорғамақшы болды. Бірақ, сол сәтте ол бетінен соққы алып, бетонға соғылып құлады. Соққыға жығылған жігіт дәрігерлер келгенге дейін оқиға орнында жан тапсырды. Ал, бойжеткеннің қолындағы шарды жарып жіберіп, кісі өлтірген бұзақылар оқиға орнынан қашып кетті. Енді, жас жігітті соққығы жығып, денсаулыққа қасақана зиян келтіргендер 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

«Қазір осы факті бойынша полиция «денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру» бабына сәйкес алдын ала тергеу жүргізуде. Сот-медициналық сараптама тағайындалып, іс ІІД-нің бақылауына алынды»,- дейді Жамбыл облысы Ішкі істер департаментінің баспасөз хатшысы Гүлсара Мұхтарқұлова.

 Айта кетейік, кеше Таразда белгісіз біреулердің 16 жастағы жігітті соққыға жығып, өлтіріп кеткені жайлы хабарлаған болатынбыз.
Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз