Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
5
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Таразда мемлекеттік қызметтердің тиімділігі артады

Жергілікті атқарушы органдар мен қоғам арасындағы өзара қарым-қатынастың жаңа сипатын қалыптастыру қажет. Ынтымақтастықтың басты қағидаттары ашықтық, есеп беруге міндеттілік және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл болуы керек.  

Бұл үшін «Nur Otan» партиясы 2025 жылға қарай электрондық форматтағы мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруға 75%-дан 90%-ға дейін, ал 2021 жылға қарай онлайн бақылау-кассалық аппараттарын қолданатын кәсіпкерлердің санын 9003-тен 11195-ке бірлікке немесе 100%-ға жеткізуге ықпал етпек. Сауда және қызмет көрсету объектілерінде қолма-қол ақшасыз төлемдерге көшуге көңіл бөлінеді.

«Жамбыл адалдық алаңы» жобалық кеңсесімен бірлесе отырып, тұрғындар арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу және болдырмау бағытындағы іс-шараларға қатысуға азаматтарды тартуға, әкімдіктің сайтында азаматтық бюджетті жариялау, жобаларды қоғамдық кеңестердің отырыстарында талқылау арқылы, бюджетті құру мен іске асырудың барынша ашықтығын жетілдіруге басымдық беріледі.

Сондай-ақ партия цифрландырудың заманауи даму тенденциясы ретіндегі ерекшеліктерін толық ашуға, онлайн режимде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер тізімін ұлғайтуға назар аударып отыр.

Кездесуде кандидаттар базардағы кәсіпкерлердің тыныс-тіршілігімен танысып, ұсыныс-тілектеріне құлақ түрді. Мұндағы кәсіпкерлерді қоғамдық көлік маршруттарының аздығы, кей кезде мүлдем болмайтындығытолғандырады екен. Аталмыш мәселе бойынша сайлауалды бағдарламамен сабақтастырыла отырып, нақты жауап берілді.

«Nur Otan» партиясы Жамбыл облысының сайлау қорының қаражатынан төленді

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз