Нұр-Сұлтан
Қазір
18
Ертең
22
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

Таразда әскери қызметкерді боқтаған жауынгер қамауға алынып, абақтыға жіберілді

Тараз қаласының мамандандырылған әкімшілік сотымен көшпелі сот отырысында Тараздағы 5513 әскери бөлімінде әскери қызмет кезінде әріптесі болатын жауынгерді балағаттаған әскери қызметкерге қатысты іс қарастырылды.

5513 әскери бөлімінде мерзімді әскери қызметкер келісімшарт бойынша қызмет етіп жүрген жауынгерді иығына иығы тиіп кеткені үшін оны балағаттап, әдепсіз сөздер айтқан. Соған байланысты Қазақстан Республикасының әскери қызметтегі заңнамасында болашақта осындай бұзушылықтарды болдырмау мақсатында әскери бөлімге бару арқылы сот басшылығы мен әскери қызметкерлердің қатысуымен сот отырысы өткізілді.

Отырыс барысында сот Қазақстан ратификациялаған азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактінің 9-бабының ережелерін басшылыққа ала отырып, заң бұзушыға қамауға алу түрінде әкімшілік жаза қолдануды қажет деп тапты.

Сот шешімі бойынша, жауынгер кінәлі деп танылып, Шымкент гарнизонының әскери полиция басқармасы күзетіне жеткізілген сәттен бастап 5 күнге қамауға алынды. Сот шешімі шығарылған сәттен бастап күшіне енді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз