Нұр-Сұлтан
Қазір
-2
Ертең
-3
USD
445
+0.68
EUR
491
-1.33
RUB
5.41
+0.05

Тараз тұрғыны трейдингтен пайда табамын деп 1,9 млн теңгесінен айырылды

Керісінше, салған қаражатын қайтару кезінде қиындықтарға тап болған. Нәтижесінде келтірілген материалдық шығын көлемі 1,9 миллион теңгені құрады. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 2-бөлігінің 4-тармағымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Күдікті Ақтөбе қаласының полиция қызметкерлері алаяқтықтың 29 дерегі бойынша жүргізілген тергеу барысында ұстады. Қазіргі уақытта оның өзге де қылмыстық эпизодтарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Полиция азаматтарды оңай табысқа кенелуге уәде беретін ұсыныстарға сенбеуге, бейтаныс адамдарға ақша аудармауға және күмәнді инвестициялық ұсыныстар үшін несие рәсімдемеуге шақырады.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2026 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз