Парламент пен Үкімет Президенттің функцияларын қабылдауға, оны атқаруға түк дайын емес. Бұл көз алдымызға екі таздың тараққа таласқанын елестетеді.
Бұл туралы саясаттанушы Досым Сәтпаев билік тармақтарын қайта бөлуі жөніндегі конституциялық реформаға қатысты Ғacebook-тегі жеке парақшасында жариялаған жазбасында айтылады.
“Билікті қайта бөлу – Мемлекет басшысының Парламент пен Үкіметтің қателері мен ағаттықтарын түзетуден жалыққанын білдіреді. Енді Президент өзін жүйе үстінен қарайтын ойыншы мен арбитрдің рөлін таңдаған.
Өкілеттіктерді қайта бөлудің өзі – екі таздың тарақ үшін төбелескенін елестетеді. Мен айтқан екі “таз” – Үкімет пен Парламент. Олар дағдарысты ахуалға әсер етуде де, заңнамалық жұмыста да өздерінің осал екенін көрсетті. Мәселе, өкілеттіктерді қалай беруде емес. Мәселе оны кімге беруде?
Кез-келген әсіре президенттік жүйеде күшті саяси институттар болмайды. Міне, осының өзі бұл арада бәрін тығырыққа әкеліп тірейді.
Айтқандай, сайлауда басымдық алған партия ретінде “Нұр Отан” Парламенттің төменгі палатасы атынан бірнеше жыл бұрын Үкіметті қалыптастыруға қатысуға формальды құқық алған.
Бірақ аталмыш партия өзінің Үкімет пен ҚР Президенті әкімшілігі жанындағы „нотариальды мекеме„ ретіндегі мәртебесін сол күйі өзгерткен жоқ, өзгерте алмады.
Өткен жылғы оқиға көз алдымызда, ол бір нәрсені дәлелдеп берді. Қандай да бір өкілеттіліктерді бөлер алдында бұл өкілеттілікпен нақты іс жасай алатындай саяси институттарды күшейтеді. Бұл тас дәуірінің адамының қолына калькульятор бергені секілді, ол бәрібір онымен жаңғақты ғана шағатын болады. Демек, тағы да бізде атты арбаға емес, арбаны атқа жегіп қойды.
Ең бірінші партия мен сайлау жүйесіне реформа жасау керек қой, яғни, Парламентте “мәңгүрт партиялар” мен өзіндік ойы жоқ, күн қай жақтан шықса, сол жаққа бет бұратын “күнбағыс депутаттар” емес, электоралдық және бәсекеге қабілетті ойыншылардың отыруы үшін осындай шара қажет. Онда Парламент тек партиялық тізіммен ғана емес, мажоритарлық принциппен өз бетімен қалыптасуы тиіс.
Міне, сонда биліктің алмасу кезінде саяси элита топтары ішінде өзара арбасу болмайды, ойын құқықтық алаңда ашық жүреді әрі саяси тұрақтылыққа кепілдік бола алатындай заң шығарушы тармақ ұжымдық мұрагер ретінде өзін көрсете алады. Ал бұдан бөлек ұсыныстардан мен қандай да бір нәтиже немесе жетістік көріп тұрғаным жоқ.
Осының бәрімен қатар, меніңше, төменгі деңгейдегі билік тармақтарын да бөлу қажет. Жергілікті өзін-өзі басқару деңгейінде. 2018 жылы жергілікті аймақ бюжетін орталықтан тыс моделін іске қосу туралы айтылып жүр. Бірақ, ол қалай жүзеге асырылады, оны түсінудің өзі қиын. Өйткені Президент және жергілікті билік тағайындаған (негізі, халық сайлауы тиіс) әкімдер арасындағы өкілеттіліктің шекті белгісін нақты көрсететін жергілікті өзін-өзі басқару туралы арнайы заң қабылданған жоқ қой”.