Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
-1
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Танымал тележүргізушінің әйелін өз пәтерінде өлтіріп кетті (видео)

299

Көршілерінің айтуынша, 4 бөлмелі пәтерді 6 қыз жалдап тұрыпты. Марқұм ақысын сұрап келгенде үйде екеуі болған. Сұмдық қылмысқа барған да солар көрінеді. Полициямен бірге еріп пәтерге кірген көршінің айтуына қарағанда, қыздар қылмыс орнын жуып тазалаған. Ал қанға боялған шүберектер мен киімдерді кір жуатын машинаға салып үлгеріпті. Мәйітті балконға жасырған.

Тергеушілер сау етіп келгенде, қыздардың біреуі далаға қарай қашса, екіншісі  асылып өлмек болыпты. Алайда, ол ойлары жүзеге аспай қалды. Жалпы, қанды қылмыс болған пәтерге полиция жиі келіп тұрады екен.

Десе де, марқұмның бұрынғы күйеуі, танымал актер Рахман Омаров қыздардың берешегі болмағанын айтады. Балаларының анасын өлтіргендерді ол да таныған екен.

“Танитын адамдардың қолынан кетеді деп кім ойлайды? 2,5 жыл көріп жүрген қыздар. Қазақтың кәдімгі қарапайым қыздары панасыз жүрген. Қыздардың қатігез боп кеткендігі, сол болмашы тиын-тебенге адамның өмірін қиятыны. Бұл жерде тек ақша ғана емес, басқа да бір нәрсе бар сияқты”, дейді Рахман Омаров.

Өйткені марқұм бір нәрседен сезіктенетінін айтып, туған әпкесіне қоңырау шалыпты. Артынан ұлы іздеп барған. Бірақ ол да ажал құша жаздапты.

Бұған дейін балаларынан бөлек тұрып келген тележүргізуші анасынан айырылған ұлдарын өз қамқорлығына алмақ.

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз