Нұр-Сұлтан
Қазір
15
Ертең
14
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Танымал тележүргізуші Айгүл Мүкей қыз-келіншектерге арналған сайт ашқалы жатыр

Сондықтан бұл сайтты әзірлеушілер қыз-келіншектерге арналған өнім жасауды қолға алғандарын айтады.

Сайттағы «Біздің жігіттер» айдарында Қазақстан өнері саласында жүрген жігіттер жайлы ең қызықты ақпараттарды білуге болса, «Туған өлке» айдарында әр қазақтың туған жері туралы мағлұмат беріледі. Ал «Өмір-өзен» айдарында оқырмандар бөліскен жеке бастың жайы жарияланатын болады.

„Біз кері байланысты қолдаймыз, сол үшін де алдын ала оқырманнан хат алуға тиімді танымал әлеуметтік желілерде өз парақшамызды аштық. Мысалы, біздің тұрақты колумнистеріміздің бірі, отбасылық қарым-қатынасты құру, жақсы ана әрі әйел болу жөнінде кеңестерімен бөлісетін белсенді Instagram блогері, 6 баланың анасы – Құралай Ханым„ делінеді алдын ала таратылған насихат хабарламасында.

Ikerim.kz сайтының маңызды бағытының бірі – оқырман қауымына – әйелдер денсаулығына, ЭКО, жыныстық қатынасқа арналған ақпараттарды қолжетімді түрде ұсыну. Онда психологтармен, сексологтармен қазақ тіліндегі сұхбаттар жарияланбақ.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз