Нұр-Сұлтан
Қазір
18
Ертең
12
USD
472
0.00
EUR
505
0.00
RUB
5.53
0.00

Танымал сазгер Тоқтар Серіковті сотқа бермек

«Сіздің әніңіз соншалықты хит пе еді, байбалам салатындай не көрінді» деп өзіме қарсы шықты», – деді сазгер. Арайлым Мамырбек бұл әнді 2021 жылы жазған екен. Бірақ сөзі ұнамай, артынша басқа ақынға қайта жаздырған көрінеді.

«Сөзін Светқали Нұржан ағаға қайта жаздырғам. Ол кісі бірден келісіп, 2022-жылдың сәуір айында «Баба дала баяны» деген атпен ән толық жазылып бітті. Бірақ дер кезінде оның аранжировкасын істеп, бейнебаянын түсіре қоятын қаражат болмады. Біраз жүріп қалдық. Қараша айында орындап шықтық, сайттарға тарқаттық. Мына жағдайдан кейін мен әлеуметтік желіде «Әнімді қайтарыңыз, Тоқтар аға!» деп пост жазып салдым. Ол кісі бәрін біліп, естіп отыр. Бірақ бір рет менімен байланысқа шығып, «Бұл былай еді, қарындасым» деп мәселені шешуге тырысқан жоқ», – деді Арайлым Мамырбек.

Сазгер енді Серіковті сотқа беретінін айтты.

«Сәуір айында Тоқтар Серіков ләм-мим деместен менің әнімді «Ауылым» деген атпен бүкіл платформаларға тарқатып тастады. Осы жағдайдан кейін менің жүйкем сыр берді. Ішімнен шыққан әнімді айдың-күннің аманында иемденіп кете салғаны жаныма батты, денсаулығым нашарлап кетті. Елдің бәрі «Сен Тоқтардың әнін ұрлап айтып жүрсің» деп жазатын болды. Осыдан кейін сотқа шағымданып, әнімді өзіме қайтарып алғым келеді. Дәлелдеуге шамам жетеді, материалдық және моральдық шығын талап етемін», – деді Арайлым Мамырбек.

 

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз