Нұр-Сұлтан
Қазір
0
Ертең
0
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Танымал саясаттанушы Асылбек Мусиннің өлімі жайлы бірқатар деректің бетін ашты

254

Бұл туралы өзіндік дерек көзге сүйеніп, Талғат Қалиев Telegram-дағы арнасында хабарлады.

„Асылбек соңғы күндері елден оқшау өмір сүрген. Риганың орталығынан аулақтау Иманта ауданында 10 жыл бұрын салынған үйде тұрып жатқан. Ол элиталы да емес.

Биіктен құлап, жерде жатқан Мусинді, ең бірінші, түнгі 12-де жаңа жылдық кештен қайтып келе жатқан көршілері байқаған. Тура құлған сәті сол екен. Тіпті, құлап бара жатқанда оның жол белгісіне соғылғанын да көргендер бар. Суицид екенін сол араға келген мамандар да нақтылапты. Оған секіру траекториясы негіз болғанға ұқсайды.

Ал денені таныған аула сыпырушысы Мусиннің сол күні ойға батып жүргенін, өзінің қолына қомақты көлемде ақша ұстатқанын да айтқан.

Ол бірнеше ай бұрын азаматтық некеде тұрып жатқан сүйіктісі секіріп кеткен терезеден құлаған„

делінеді видеожазбада.

Айта кетелік, Асылбек Мусиннің қазасы туралы мәліметті ҚР Сыртқы істер министрлігі бүгін нақтылады.

https://kaz.365info.kz/suitsid-dej-me-aslan-musinnin-yly-latviyada-khajtys-boldy-295496

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз