Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
-1
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Танымал әнші өзінің Сары Алмастың әйелі болғанын мойындады (фото, видео)

452

Айтуынша, екеуі бес жылдан аса уақыт бірге тұрған. Алайда оның әйелі екенін елге айтудан қорқыпты. Күйеуінің дұшпандары біліп қойса, кесірі тие ме деп ойласа керек.

https://kaz.365info.kz/lakhap-aty-adil-khytaj-atakhty-sary-almastyn-seriktesi-ystaldy-foto-266073

“Иә, солай ойладым.  Екеуміз бес жыл бірге өмір сүрдік. Одан кейін күйеуімді өлтіріп кетті. Жолдасым қылмыс әлемінде танымал, атақты –  Сары Алмас болатын. Оның әйелі екенімді ол өлгесін де жасырып жүрдім. Оның дұшпандарынан қорықтым. Бірақ, өмірде бұдан да ауыр сынақтардан өттім. Сондықтан да қазір бұл жайтты жасырмай, айта берсем болады”, – деді Ситора Назарова. 

Сары Алмаспен танысқан сәтін Ситора былай деп жеткізеді. 

“Оның мен жұмыс істеген мейрамханаға қатысы бар болатын. Менің ән айтқанымды тыңдап жүретін. Біраз уақыт бойы соңымнан жүгірді. Бірақ, мен үш ай бойы оның сезіміне жауап қатпай жүрдім.

Мейрамханадағы қайдағы бір әнші қыздың атақты Сары Алмасқа назар аудармағаны намысына тисе керек, қалай болса да жүрегіме жол табуды мақсат тұтты.

Ақырында мен оны үйіме алып келіп, Парвизбен таныстырдым. Ағам мені онымен кездесуге жіберетін, бірақ дер кезінде үйге оралуымды сұрайтын. Күйеуім мені ұзақ уақыт бойы қарата алмады, содан шығар,

қолына қондырғаннан кейін ерекше аялады, құрметтеді”, –

дейді әнші.

Өз кезегінде Сары Алмас әйелінің әншілік мансабын құрып беруге тырысқан екен. Алайда оны Қазақстанда емес, Ресейде танымал етуді мақсат тұтқан. Тіпті, Ресейден атақты продюсерді де алдырған.

“Бірақ, дәл осы кезде оны өлтіріп кетті. Кейін күйеуіме арнап естелік әндер жаздым”, – дейді ол.

Айта кетсек, Сары Алмасты 1998 жылы Барселонада өлтіріп кетті.

 

https://kaz.365info.kz/ryzhij-almaz-kim-edi-video-233783

Ол құрған қылмыстық топтың құрамында 100-ге тарта адам болған. Ірі автосалондар, “Арал”, “Болашақ” сияқты базарлар, ірі бензин компаниясы, Маңғыстау облысында бірнеше мұнай ұңғымалары мен ойын-сауық бизнесінде үлесі болған. Сонымен бірге, Қазақстан және ТМД бойынша астық сатумен айналысқан. 

17409-1

https://kaz.365info.kz/onaev-pen-atyshuly-sary-almazdy-gimesi-220329

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз