Нұр-Сұлтан
Қазір
7
Ертең
5
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Танымал әнші қызын пышақтамақшы болған теріс ағымдағы күйеу баласы туралы айтып берді

Содан бір күні үйіне келдім де, баланы өзім апарамын дедім. Машинаммен келдім, “жүріңдер” дедім. Күйеу балам шығып амандасқан да жоқ. Әрең дегенде, Меруерт ұялғанынан ба, қорыққанынан ба әйтеуір шықты. Содан дәрігерге барып, қайтарда менің үйіме соқтық.

Үйіңе бар десем “Бармаймын, мен дәрігерге апардым, енді ол мені таяқтайды”, – дейді. Бірнеше күн жатты, қайт десем қайтпайды. Сөйтсем істемегені қалмаған, қатты ұрып құлағына зақым келтірген екен. Қатты соққыдан құлағының жарғағы жарылып кетіпті. Он күндей үйде тұрды. Бір күні күйеуі келіп, кешірім сұрап, қоймай алып кетті. Шешесімен келіп, Қапшағайға барып біреудің үйінде тұрды.

Сол жерде жүріп, оның пышақпен, мылтықпен қорқытатыны қайтадан басталды. Неше түрлі істеген. Бір күні қатты ұрған. Пышақтамақшы болған кезінде ол қашып шығып, бір орыстың үйіне барып тығылыпты. Сол жерден хабарласып, “Мені келіп алып кет, мен болдым, шыдамым таусылды, – деді. Сөйтіп, ажырасты екеуі”, – деп әңгімелеп берді Бағдат.

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз