Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
20
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Танымал КВН ойыншысы басшылық қызметке тағайындалды

331
Сурет ашық дереккөздерден

Танымал әзілкеш, “Казахи” КВН командасының ойыншысы Нұрдәулет Шертім Нұр-Сұлтан қаласының панкратион федерациясының қоғаммен байланыс жөніндегі директоры қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Ол жаңа қызметте немен айналысатынын айтып берді.

“Панкратион өте дамыған спорт түрі. Менің жұмысым – қазіргі жастарды осы спортпен таныстыру, олардың панкратионға деген қызығушылығын, ынтасын арттыру. Кеше кешке ғана бұйрық шықты. Құдай қаласа, осы аптада іске кірісемін”, – деді жаңа қызметке тайындалған Нұрдәулет Шертім.

Сондай-ақ, ол федерацияның алдағы жоспарына да тоқталды.

“Қарашаның 1  мен 5 аралығында панкратионнан Италияда әлем чемпионаты болады. Соған спортшыларды дайындаймыз”, – деді Нұр-Сұлтан қаласындағы панкратион федерациясының қоғаммен байланыс жөніндегі директоры.

Айта кетсек, Нұрдәулет Шертім “Казахи” КВН командасы құрамында Жоғары лиганы вице-чемпионы (2010), Прага кубогының жеңімпазы (2010) атанған. Сондай-ақ белгілі әзілкеш “Базарбаевтар” сериалына, “Гуд бай, мой бай!” және “Женатики” фильмдеріне түсті.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз