Танымал италиялық әнші Сон Паскаль Қазақстандағы өмірі туралы айтып. Берді. Сондай-ақ әнші еліміздегі адамдардың ойлау пайымы, бай-бақуатты азаматтардың бақытсыз әйелдері жөнінде де сөз қозғады.
Бұл туралы Сон Паскаль Tengrinews порталының «The Эфир» жобасында Ләйлә Сұлтанқызына берген сұхбатында айтты деп жазады Stan.kz.
«Қазақ менталитеті материалдық жағдайға бейімделген деуге болады. Мұндағы қыздар қымбат көлігіңе, қалтаңдағы ақшаға назар аударады екен. Олар үшін аталған дүниелер өмірдің ләззаты сияқты. Мен бірақатар «ағашкалардың» әйелдері бақытсыз екенін көріп жүрмін. Мен олардың арасындағы секс дұрыс емес деп ойлаймын. Бұл сөзім бай-бақуаттыларды жамандағаным емес. Тек олардың әйелдеріне көңіл бөлетін уақыты жоқ екенін айтып отырмын. Адам үшін ең бірінші орында тұратын дүниелер – махаббат пен шығармашылық. Ал байлықтың бірінші орында тұруы мүмкін емес», – дейді әнші Сон Паскаль.