Нұр-Сұлтан
Қазір
14
Ертең
15
USD
482
0.00
EUR
532
0.00
RUB
5.07
0.00

Танымал дизайнер Берік Ысмайылов бүгін түнде қайтыс болды

1506
Сурет әлеуметтік желіден алынды
Отандың сәнгердің мезгілсіз қазасы туралы хабарды әнші Меруерт Түсіпбаева жеткізді.

«Алтын ағам-ай. Бұл фәни жалғанда, сіздің енді жоқ екеніңізге қалай сенейін. Енді, бұдан былай, сіздің күлкіңізді естімейтініме. Сізді «Италиядан не әкеледі екен» деп күтпейтініме. Сізге еркелемейтініме. Сізбен енді сырласпайтыныма. Сенейін бе? Иманды болыңыз. Сіздің еңбегіңізді бағаламасам, ренжітсем, егер, жақсы дос бола алмасам, кешіріңізші мені, Беке», — деп жазды әнші Instagram парақшасында.

Сурет әлеуметтік желіден алынды

ТЖ режимі кезінде Берік Ысмайловтың әріптестерімен бірге 2 мыңға жуық маска тігіп, алматылықтарға тегін таратқанын біреу білсе, біреу білмейді.

Шебер әлеуметтік желіде масканың үлгісін мен оны пішіп-тігудің әдісі туралы кеңесімен бөлісіп, медициналық маскасыз қалған адамдарға қолынан келген көмегін аямады.

Отандық танымал тұлғалар Меруерт Түсіпбаева, Мақпал Жүнісова, Мадина Садуақасова, Айжан Нұррмағамбетова,  Ақылбек Жеменей оның қызметіне жүгініп, дизайнердің қолынан шыққан сәнді, қайталанбас киім үлгілерін киген.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз