Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
3
USD
450
-0.49
EUR
487
-1.57
RUB
4.86
0.00

Танымал актриса елден көмек сұраған көп балалы ананы сынап тастады (фото)

222

Ол өз көзімен көріп келген отбасының қиын жағдайын айтты. “Күнде ауыратын балалардың тұрып жатқан жері адам тұрғысыз”, – дейді ол.

“Алланың бергені дейміз. Халық көмектесіп, біраз адам қол ұшын созып та жатыр. Бірақ, сыз баскан үйде балапандары күнде ауырады. Қабырғалары тесік, жары құлап қалайын деп тұр. Қара жерге кілем төсей салған. Барлық жер ызғар, балшық. От жағып жылытады екен. Қарды ерітіп, суын ішеді”, – деген Гүлшарат Жұбаева баланың саны емес, сапасына мән берген дұрыс деп есептейді.

“Көзін ашқаннан дұрыс тамақ ішпей, бүтін киім кимей, көк жөтелмен алысады. Сапалы білім алмай өскені қаншалықты дұрыс? Табалайын деген ойым жоқ. Тек Алланың берген балапандарына қиянат істемей, “сапалы” балаларды өсіруіміз керек. Балапандар тірі жан ғой, олар да, басқа балалар сияқты қалағанын жеп, толыққанды өсуі керек. Өскенде ауру, білімсіз, саны көп азамат болғаны кімге қажет? Саны емес сапасына мән берсе екен аналар. Мен ойланбайтын анасын, әкесін емес, балаларды аяймын”,- дейді ол.

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз