Танымал актер Нұртас Адамбай есімінің алдыңғы әріптері “нұрдан” басталатындарды Нұркент қаласының бой көтеруімен құттықтады.
“Барлық Нұрланды, Нұрболды, Нұрдәулетті, Нұрсұлтанды, Нұртасты және басқа да “Нұрларды” жаңа Нұркент қаласының пайда болуымен құттықтаймын. Серік, Берік, Петя, Вася іштерің күйсе тұз жалаңдар” деп жазыпты өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында актер.