Нұр-Сұлтан
Қазір
-7
Ертең
-12
USD
499
+3.47
EUR
520
-0.93
RUB
4.85
-0.06

Тамыз айында коронавирусқа қарағанда пневмония диагнозы көбірек қойылған

175
Сурет: edgewoodbaptist.net

Coronavirus2020.kz сайтының деректері бойынша 10 тамызда Қазақстанда  722 адаимның коронавирус жұқтырғаны белгілі болды. Бұл 10 маусымнан бастап ең төменгі мән (ол кезде диагноз бір күнде 632 адаиға қойылған). Жалпы, жаңа жағдайлардың төмендеу үрдісі жалғасуда. 8 күн бойы вирус жұқтырғандар саны төмендеді.

Бірақ жалпы вирус жұқтырғандардың саны артуда. 10 тамызда COVID-19 вирусы анықталған Қазақстандықтардың саны 100 мың адамнан асты (100 164).

«Қазақстан Темiр Жолы» жұмысындағы олқылықтардың саяси себебі бар — Әшімбаев

Алайда, соңғы 10 мың адам 11 күннің ішінде тіркелді. Салыстырып көрсек:

  • Анықталған фактілердің жалпы саны 60-тан 70 мыңға дейін артуы үшін 6 күн қажет болды
  • 70 мыңнан 80 мыңға дейін – 7 күн
  • 80 мыңнан 90 мыңға дейін – 8 күн.

Мәселе мынада, бұл статистикада коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмониямен ауырған адамдарды есепке алмады. 1-10 тамыз аралығында республикада 13 337 адамның пневмония инфекциясы жұқтырғаны анықталды. Салыстыратын болсақ, осы уақыт ішінде 9797 адамда  COVID-19  диагнозы расталды.

Осылайша, тамыз айында республикада  коронавирусқа қарағанда пневмония диагнозы 36%-ға жиірек қойылды

Нұр-Сұлтан – емделіп шыққандар саны 10 мыңнан асады

Жаңа жағдайлардың төмендеуімен аурудың өсу қарқыны да бәсеңдеді. Соңғы 4 күндегі күнделікті өсім 1%-ға жетпейді. Емделіп шыққандардың саны да күн санап артуда, бірақ соншалықты көп емес, мәселен соңғы 4 күнде  ауруханадан шығарылғандардың саны тек бір рет қана 1000 адамнан асты.

Ресми мәліметтер бойынша, 11 тамыздағы жағдай бойынша Қазақстанда коронавирус жұқтырған 73 702 емделіп шықты. Олардың ең көбі Нұр-Сұлтанда.  Coronavirus2020.kz деректері бойынша, мұнда барлығы 10 001 адам шығарылды. Науқастардың жалпы саны бойынша көш бастап тұрған Алматыда, жазылып шыққандардың саны 20%-ға төмен, 8355 адам.

Алматы облысында қызықты жағдай қалыптасуда. Соңғы  12-і күннің ішінде коронавируспен ауырған бірде-бір науқас осы ауруханадан шығарылған жоқ. Бірақ бір күнде 449 адамды жаппай үйлеріне жіберді. Бұл 5 тамызда болды, яғни

соңғы 5 күн бойы аймақт  бірде-бір науқас жазылып шықпады. Қызылорда облысында мұндай тыныштық 3 күнге созылды

Пневмонияға қарағанда коронавирустан қайтыс болғандар көбірек. Тек 3-9 тамыз аралығында COVID-19-дан 211 адам қайтыс болды. Ең жоғары өлім-жітім көрсеткіші Қарағанды облысында (55) және Алматыда (50) тіркелді. Айдың басынан бастап пневмониядан 173 адам қайтыс болды.

Жалпы алғанда, коронавирустан болатын өлім-жітім қарқыны өсуде. Жағдайлардың 1,69%-ында өлім-жітім тіркелген (тек ауырып немесе қайтыс болғандарды ғана есептегенде –инфекцияның белсенді жағдайлары ескерілмейді, өйткені олардың нәтижесі әлі белгісіз).

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз