Нұр-Сұлтан
Қазір
6
Ертең
9
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

Тамара Дүйсенова менингитке шалдыққан науқастарды бір антибиотикпен емдеуге болмайтынын айтты

Әрқайсысының антибиотикке сезімталдығы әртүрлі. Егер біз қазір бір антибиотикті ғана қолданатын болсақ, оның салдары мұнан да жаман болуы ықтимал. Сондықтан да антибиотикке сезімталдығын анықтап, дұрыс шешім қабылдауды өтінемін», – деді Тамара Дүйсенова.

Осы ретте ол Алматы қаласы мен Алматы облысы және Астана қаласы мен Ақмола облысы өзара іс-қимылды қамтамасыз етуі тиістігін баса айтты.

«Бізде барлық уақытта да мұндай болды және ол жұмыс істеуі тиіс. Баланы бір ауданнан екіншісіне «лақтыруды» қойыңыздар. Әрбір аурухана «пәледен» аулақ болғысы келетіндігін, өлім-жітім бойынша нашар статистиканы өзіне жазуды қаламайтындығын түсінемін.

Бірақ, әріптестер бұл адамдардың өмірі, отбасының тағдыры. Сол баланың орнына Сіздің балаңыз болуы мүмкін. Мұндай кезде өзіңіздің басыңыздағы жағдай сияқты қабылдаңыздар», – деді жауапты хатшы.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз